Атырауда мереке күндері де вакцинация пункттері жұмыс жасайды

5f61c30ad31e9041817266 Жаңалықтар

1-3 мамыр аралығында Атырау қаласы, аудандар мен ауылдарда  егу пункттері өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды atr.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді. Басқарма басшысының айтуынша, аймақта вакцинация процесі тоқтамайды және облыс тұрғындары мамыр айындағы демалыс күндері де вакцина алуына болады.  

– Өңірде тұрақсыз эпидемиологиялық жағдай байқалады, коронавирустық инфекциямен ауыратындардың саны күн сайын артып келеді. Осыған байланысты біз мереке күндері де вакцинациялау пунктері жұмысын тоқтата алмаймыз. Бірақ, егу пункттерінің жұмыс кестесінде ғана кішкене өзгеріс болады. 1,2 және 3 мамырда егу орындары сағат 9.00 – ден 17.00-ге дейін қызмет көрсетеді, деп қорытындылады Асхан Байдуәлиев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз