Әкімшілік іс жүргізу бойынша шағым берудің жаңа тәсілдері туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің» (ӘІБТ) көпшілік секторы арқылы әкімшілік процеске қатысушылар үшін кері байланыс функционалы іске асырылды.
Бұл функционал процеске қатысушыларға ыңғайлы болу үшін және уақытты үнемдеу үшін құрылған. Оның көмегімен әкімшілік іс бойынша өтінішті немесе шағымды (өтініш) тікелей оны қараған органға бере аласыз және уақытылы жауап ала аласыз.
Өтініштер Qamqor.gov.kz Ақпараттық қызметінің «Әкімшілік құқық бұзушылыққа шағым жасау» бөлігінде беріледі. Өтінішті тек әкімшілік процестің қатысушысы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) авторизациялай отырып, бере алады. Өтініш сақталғаннан кейін ол мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына ӘІБТ ақпараттық жүйесіне түседі. Функционал мәселенің мәнін баяндауға және іс бойынша растайтын құжаттардытіркеуге мүмкіндік береді. Қарау нәтижелері өтініш берушінің e-mail мекен-жайына, сонымен қатар, оның ұялы телефон нөміріне электрондық хатпен жіберілетін болады. Пайдаланушының авторизация және шағым беру бойынша қадамдық нұсқаулығы Qamqor.gov.kz Ақпараттық қызметінің «Әкімшілік құқық бұзушылыққашағым жасау» бөлігінде орналастырылған.
Сонымен қатар, әкімшілік іс жүргізу шеңберінде мәліметтер алу бойынша Qamqor.gov.kz қызметінде кейбір пайдаланушы қызметінің функциялары жақсарды.
Қатысушылар әкімшілік іс жүргізуді қарау немесе шағымдану кезінде іс материалдарымен, сонымен қатар,фото бейне тіркеу құралдарымен тіркелген бұзушылықтар бойынша нұсқамалармен және іске тіркелген файлдарды жүктеп алу мүмкіндігімен таныса алады.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің
Аймақтық көліктік басқармасы