ӘКІМ ҒАЛЫММЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгінде 70 жасқа толып отырған көрнекті ғалым Индер ауданының Қаңбақты аталатын шағын ауылында дүниеге келген. Сонау 1968 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген маман бірден ғылым жолына бет бұрып, негізінен Қазақстанның аймақтық геологиясы және геотектоникасы мәселелері бойынша ұзақ жылдар бойы ғылыми ізденіс жұмыстарымен шұғылданған.
Бұл бағытта жеткен жетістіктері де жеткілікті, соған сай лайықты марапаттарға да ие болды. Сөйтіп, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және бірнеше медальдармен марапатталды. Сонымен қатар, ұзақ жыл бойы Алматы мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі ретінде атқарған қызметі үшін «Қазақстан жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие болды.
Мерейгерді шын жүректен құттықтаған аймақ басшысы оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт, отбасы бақытын тіледі. Жетпістің жалына жармасқан жерлесіміз әлі де білімі мен білігін халық игілігіне жұмсап, ел экономикасы үшін табысты еңбек етеріне сенім мол.
М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.