Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді

40463f91118d31a5c3808308e5b94821 Жаңалықтар

Atr.kz/28-ақпан, 2019 жыл. Аз қамтылған отбасылардың балаларына 23 жасқа дейін жәрдемақы төленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты.

27 yirk yek 2017 zhyil2

«Сонымен қатар аз қамтылған отбасының балаларына берілетін жәрдемақы да өзгереді. Егер ол 1 шілдеге дейін 4 834 теңге болса, 1 шілдеден бастап 20 789 теңгеге жетеді. Ол 18 жасқа дейін төленеді. Егер ол балалар оқитын болса, онда 23 жасқа дейін төленеді. Оған қосымша ата-анасына табыстары күнкөріс айырмашылығын есептегенде күнкөріс деңгейінен төмен болса онда да оларға қосымша жәрдемақы төленеді», – деді ол.

Министр әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде халыққа ыңғайлы болуы және адамдарды бекерден-бекер сандалтпау үшін талап етілетін құжаттар саны азаятындығын айтты. «Енді осының барлығы қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан «Е-халық» жүйесімен жүзеге асырылады. Егер кейбір мәіліметтер жоқ болатын болса да ата-ананың келуінің керегі жоқ. Жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары, әкімшіліктер тиісті мемлекеттік органдарға сұрау жасап, өздеріне тиісті мәліметтерді алатын болады», – деді Б.Сапарбаев.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз