Жарнама
Жаңалықтар

АКАДЕМИККЕ – АХМЕТ АТЫНДАҒЫ ОРДЕН

 

Марапатты университет ректоры, профессор Б.Мамраев иегердің омырауына өз қолымен тақты. Ол республикаға белгілі ғалымның тұңғыш рет Қазақстанның батыс өлкесінде аталмыш оқу орнын университетке ұштастыруда сүбелі үлес қосқаны ескерілгенін де атап айтты.

Сексеннің сеңгіріне таяқ тастаған Хисмет Бозанұлының есімін барша оқырман қауымға еш таныстыруды қажет етпейді. Ғылыми еңбектері он екі томдық «Үлкен Қазақ Кеңес энциклопедиясында», үш томдық «Боздақтар» жинағында, Атырау облысының энциклопедиясында, «Ақтаңдақтар ақиқаты», «Құрманғазы», «Кіші жүз руларының тарихы мен шежіресі», «Сауатсыздықтан білім шыңына», «Сарайшық», «Қазақстанда сауатсыздықты жоюдың қиыншылықтары» және басқа да монографиялық кітаптарында жарияланды. Ол – 200-ден аса  ғылыми мақалалардың авторы.

Ғалым қазір де тынымсыз еңбек етіп, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап кітап жазды, онысы қалың оқырманның қолына тиер күндер де алыс емес.

Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button