Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Айырбастау пункттерінде валюта операциясына мораторий жарияланғаны рас па?

Atr.kz/9 наурыз, 2020 жыл. Ұлттық банк әлеуметтік желілерде айырбастау пунктеріне қатысты тарап жатқан ақпараттың жалған екенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратылып жатқан 2020 жылдың 10 -13 наурызында айырбастау пунктеріндегі шетелдік валюта операцияларына мораторий жарияланды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, желілер арқылы таратылып жатқан құжатта Ұлттық банк төрағасының қолы мен банк мөрі, нөмері жоқ. Ұлттық банктің ресми бланкісінің үлгісі басқа.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button