Жарнама
Жаңалықтар

Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды жеке сауалдары бойынша қабылдап, олардың өтініші мен ұсынысын тыңдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, автомобиль жолдарын жөндеу және т.б әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Кездесуге жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қатысты. Олар тұрғындардың сұрағына жауап беріп, қажетті кеңес берді.

Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрайды. Алайда, баспана Заң аясында кезек реттілігімен беріледі.

Атырауда 1 ақпаннан бастап 5%-дық мөлшерлемемен 35 жасқа дейінгі облыс тұрғындарына баспана сатып алуға арналған «Атырау жастары» бағдарламасы іске қосылды. Алғашқы жарна — 10%. Құжаттарды қабылдау 20 ақпанға дейін жалғасады. Оған дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет және спорт қызметкерлері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, журналистер, әлеуметтік сала және коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатыса алады. Бағдарламадан үмітті азаматтың облыста немесе қалада 1 жыл аралығында тұрақты тіркеуде болуы, меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы тиіс.

Облыс әкімі бүгінге дейін 32 қабылдау өткізіп, 457 тұрғынды жеке қабылдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 190-нан астам тұрғынды жеке қабылдады.

Аймақ басшысы айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button