Жарнама
Жаңалықтар

Аймақ басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады


Облыс әкімі Серік Шәпкенов бекітілген кестеге сәйкес 20 тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың өтініші мен ұсыныс-пікірін тыңдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, коммуналдық және инфрақұрылымдық мәселесі, еңбек дауы және т.б сұрақтар қойды.

Азаматтар жолдаған сауалға жауап беру үшін кездесуге жауапты басқарма басшылары, қала әкімі, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры және өзге де жауапты мекеме басшылары қатысты. Олар азаматтардың сұрағына жауап беріп қажетті кеңес берді.

Аймақ басшысы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді.

Жеке қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі негізінен тұрғын үй алу мәселесін көтерді. Мұндай сауал жолдаған тұрғындарға облыс әкімі тұрғын үй Заң аясында кезек ретімен берілетінін айтты.

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов бүгінге дейін 29 қабылдау өткізіп, 500-ден астам тұрғынды жеке қабылдады. Оның ішінде 14 азаматтың мәселелесі оң шешімін тауып, 88 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік берілді. Сондай-ақ аудандарға жұмыс сапары барысында 180-ге жуық тұрғынды жеке қабылдады.

Аймақ басшысы кестеге сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғаларды жеке қабылдайды.

Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Атырау облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.

Байланыс нөмірі: 8 (7122) 95-66-82

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button