Атырауда алтыншы адам коронавирусқа шалдықты

pcr vpch tip 16 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/29 наурыз, 2020 жыл.  Ал бір тәулікте Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны бірден 22 адамға дейін өсті. Атыраудағы вирусқа шалдыққан алтыншы адамның студент екені анықталды.

“Алматы-Атырау” рейсінің жолаушысынан короновирустық инфекция расталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 29 наурызда Атырау облысында короновирустық инфекцияның алтыншы жағдайы анықталды.

Індет жұқтырған науқас  17 наурызда Алматы қаласының рейсінен түскен.  Сондай-ақ, оның  20 жастағы студент екендігі белгілі болды.

Студент жігіт карантинге оқшауланып, екінші Облыстық ауруханаға жатқызылды.

Бұған дейін Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелген болатын. Қазіргі уақытта барлық науқастар екінші облыстық ауруханада емделуде.

http://atr.kz/bez-rubriki/s%d2%afjinshi-elimizde-18-adam-koronavirusty-zhe%d2%a3di/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз