Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Әйгілі рекордшы Марат Жыланбаев «ATYRAU MARATHON» жарысына қатысады

Atr.kz/ 12 сәуір, 2019 жыл. Әйгілі рекордшы Марат Жыланбаев 14 сәуірде жыл сайынғы «Atyrau Marathone-2019» қайырымдылық жарысына қатысады.

Марафон қарсаңында қазақстандық рекордшы жарыстың қатысушыларымен жаттығу өткізеді. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев мәлімдеді.

«Марат Төлегенұлы бір күн бұрын Атырауға келіп, жаппай жарыстың қатысушыларымен жаттығу өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, біздің қазақстандық чемпионымыз марафондар мен ультра-марафонға арналған жеке оқыту жүйесін әзірледі және осы жүйеге негізделген жаттығу өтетін болады», — деді Юрий Пономарев.

20190411211831

Естеріңізге сала кетейік, Марат Жыланбаев Африкадағы, Австралиядағы, Азиядағы және Американың ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен жалғыз адам. Біздің отандасымыз жеті жетістіктің авторы, ол Гиннестің рекордтар кітабынан лайықты орын алды. Спорттық мансап жылдарында 160 мыңнан астам шақырым қашықтықты бағындырған. Әйгілі рекордшы Марат Жыланбаев «ATYRAU MARATHON» жарысына қатысады.

«Бүгінде жыл сайынғы Атырау марафонына қатысуға тіркеу жабық, ұйымдастырушылар жарысқа дайындықтың соңғы кезеңіне жетті», — деді Юрий Пономарев.

Айта кетелік, әлемдік рекордшы Марат Жыланбаевпен дайындық 13 сәуір күні сағат 17.00-де стадионда өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button