Әйелдерге арналған бағдарлама
18 шілдеде Атырауда Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің «ӘЙЕЛДЕР МИКРОБИЗНЕСТЕ» жобасына арналған бизнес-кездесу өтеді. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылады. Бастама өз бизнесін дамытуға ұмтылатын және сонымен бірге әртүрліәлеуметтік немесе экономикалық кедергілерге тап болатын кәсіпкерлер үшін арнайы жасалған.
Бизнес кездесу аясында қатысушылар ЕҚДБ өкілдерінен, жоба жетекшілерінен «ӘЙЕЛДЕР МИКРОБИЗНЕСТЕ» бағдарламасы туралы толық ақпарат алады. Іс-шараның негізгі тұжырымдамасы қатысушылардың уәждемесін қалыптастыру, сындарлы диалог, шағын және орта бизнесті, әсіресе әйелдер тұлғасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жемісті ынтымақтастық үшін платформа құру болып табылады.
Ресми статистикаға сәйкес, бүгінгі таңда әйелдер Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнес секторындағы кәсіпорындардың 49%-ын басқарады. Алайда, орта және ірі бизнесте олардың үлесі айтарлықтай төмен — сәйкесінше 36% және 19%.
Өтетін орны: Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 6, Дастан қонақ үйінің конференц залы