Коммуналдық қызмет: Жаңа жүйенің жаңалығы

photo 1604 СарапTime

Елімізде көп пәтерлі үйлерді басқару түрі түбегейлі өзгере бастады. Ендігі жерде пәтер иелері кооперативтері (ПИК) жойылып, оның орнына меншік иелері бірлестіктері (МИБ) немесе жай серіктестіктер (ЖС) пайда болмақ. Жаңарудың бұл түрі біртіндеп мұнайлы өңірде де қолға алынуда.

Иə, көпшілік қала тұрғындары байқағандай, бүгінде көп қабатты үйлердің есіктеріне үй мəселелеріне қатысты жиын өтетіні туралы хабарламалар іліне бастады. Жазбаларда басқосуға пəтер иелерінің мейлінше көптеп қатысуы сұралған. Байқасақ, үй тұрғындарының басын жиі біріктіру енгізілгелі отырған жаңа жүйенің басты қағидаларының бірі екен. Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат Хабиевтің айтуынша, тұрғын үй заңнамасына енгізілген ө з г е р і с т е р г е б а й л а н ы с т ы 2022 жылдың 1 шілдесінен баст ап еліміздегі барлық ПИК-тер қызмет көрсетуді тоқтатады.

Осыған дейін тұрғындарға қызмет етіп келген кооперативтер мүмкіндігінше сервистік-пайдалану бизнес құрылымдарына айналады. Олар басқарушы жəне сервистік компаниялар ретінде қайта тіркеліп, жасақталған үй басқармаларымен келісімшарт жасасқан соң көппəтерлі тұрғын үйді басқару функцияларын атқара алады. Сол себепті, қазіргі кезеңде Атырау қаласында енгізілгелі отырған жаңа жүйені тұрғындарға жан-жақты түсіндіру жұмыстары қолға алына бастады. Ең алдымен, пəтер иелеріне меншік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктің айырмашылығы, оны құрудың мақсаты мен жолдары түсіндіріледі. Қандай құжаттар жинақтау қажеттілігі баяндалады.

Айта кетсек, біріншіден, меншік иелері бірлестігі (МИБ) құрылған жағдайда ол алдымен т ұ р ғ ы н д а р д ы ң а р а с ы н а н таңдалған төрағаның атымен жергілікті əділет органдарында тіркеледі. Тұрғын үйге қызмет көрсету жауаптылығы мен негізгі атқарар жұмыстар төрағаға жүктеледі. Ал төраға тұрғындар жиынында пəтер иелерінің үштен екісінің келісімі арқылы сайланады. Егер жиынға тұрғындардың басым бөлігі келмесе, қажетті келісімдер пəтерлерді аяқтай аралау арқылы жинақталады. Бекітілген төрағаның өкілеттігі бір жылға ғана созылады.

Мұның барлығы пəтер иелері тарапынан құрылған кеңестің шешімімен жүзеге асады. «Тұрғын үй қатынастары жөніндегі» заңға сəйкес, үй кеңесінің мүшелігіне кемінде үш адам тіркелуі керек. Бірлестікті əділет органдарына б е к і т у ү ш і н т ұ р ғ ы н д а р жиналысының хаттамасы, жерге мемлекеттік тіркеу акті, тұрғын үйдің техникалық құжаты жинақталады.

Е к і н ш і т ү р і – ж а й серіктестік (ЖС). Оны құру үшін тұрғындардың 100 пайыздық дауысы жинақталуы шарт. Сонымен қатар, серіктестіктің бір ерекшелігі – ол толыққанды қызмет атқаруы үшін əділет органдарында тіркелмейді. Солай бола тұра, оның құжаттары мен шығарылған шешімдері кезкелген мемлекеттік органда заңды күші бар болып табылады. Бүгінде ЖС құру жөніндегі құжаттармен əзірге тұрғын үй инспекциясы ғана айналысуда. Сондықтан, барлық есеп беру осы мемлекеттік орган арқылы өтеді.

– Атырау қаласында қазір 1188 көп пəтерлі тұрғын үй бар. Олардың 861-і кондоминиумды басқару органдарымен қамтылса, 327-і иесіз болып есептеледі. Біздің қаланың негізгі бөлігі ескі тұрғын үй қорынан тұратын болғандықтан көп үй басқарудың «жай серіктестік» формасын таңдауда. Себебі, ескі үйлердің көпшілігінің техникалық құжаты мен жерді меншіктеген мемлекеттік актілері жоқ. Ал, бұл құжаттарды қайта жасақтау біраз қаражатты қажет етеді.

Сонымен қатар, егер көп қабатты бірнеше үйдің іргетасы ортақ болса, бұл пəтер иелері бірігіп үй кеңесін құрып, араларынан үй басқармасына жауапты төраға сайлауларына болады. Осылайша, басқару органдарының қызметі «бір үй-бір бірлестік-бір есепшот» қағидатына негізделеді. Жаңадан еніп жатқан жүйені қазіргі күні ең алдымен шаһардағы иесіз үйлерге қолдануға жұмыстанудамыз. Тұрғын үйлерге қызмет көрсетуге арналған төменгі тарифті белгілеу көзделуде. Оның нақты мөлшері қалалық мəслихат сессиясында анықталатын болады, – деді Қайрат Хабиев.

Жаңа басқарудың тағы бір артықшылығы, тұрғындар өздері тұратын үйдің ғана жөндеуіне қажетті қаражатты жинақтап, оның мақсатты жұмсалуын қадағалап отырады. Əр бірлестік өзінің ағымдағы жəне жинақ есепшотын аша алады.

Сонымен бірге, ақшаны жұмсаудың ашықтығы мен тұрғындардың басқару формасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жаңадан құрылатын үй басқармаларына күрделі жөндеуге керекті қаржыға жеңілдетілген қарыз алу арқылы қол жеткізу мүмкіндігі де туындайды. Оның жылдық сыйақы (қайтарым) мөлшерлемесі 2 % – дан аспайды.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз