Жарнама
БілімЖаңалықтар

Қай мамандықтарға грант көп?

Аtr.kz/31 мамыр, 2019 жыл. Қазақстан үкіметі 2019-2020 оқу жылына арналған жоғары білімді мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітті.

Үміткерлерге 51 085 грант бөлінген.

Гранттар техникалық және педагогикалық салаға көп бөлінді. Мемлекеттік тапсырыс келесі мамандықтар бойынша бөлінді:

Педагогикалық ғылымдар — 8276;

Өнер — 1615;

Әлеуметтік ғылымдар (журналистика, ақпарат) — 960;

Бизнес — 1223;

Жаратылыстану ғылымдары — 4088;

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — 5977;

Инженерлік ғылымдар — 15011;

Ауыл шаруашылығы ғылымдары — 1600;

Ветеринарлық медицина — 835;

Қызмет көрсету саласында — 2200;

Дайындық (Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, қазақ ұлты тұлғалары үшін бөлімдер) — 2450;

«Серпін» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес — 5109;

Басқалар — 1641.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, гранттар еліміздің білім беру мекемелері арасында таратылды.

Медициналық мамандықтар үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын Денсаулық сақтау министрлігі белгілейді. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттар саны кейін белгілі болады.

Дереккөз: Stan.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button