Атыраулық оқушыларға олимпиада ұйымдастырылды

screenshot 1 Білім

Жастар қызметкерлер қоғамдастығы 2020 жылдың қараша айының 9-10 күндері «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы аясында Атырау облысының оқушылары арасында онлайн Олимпиада және Қорытынды форумын өткізді.

«Birgemiz: Bilim» онлайн олимпиадаға Атырау облысы бойынша 8-11 сынып оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері қатысты. Барлығы олимпиадаға 156 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 125 оқушы, орыс тілінде – 31 оқушы.

«Birgemiz: Bilim» онлайн олимпиадаға https://onlinetestpad.com/ платформасында өтті. Тапсырмалар үш түрден тұрды:

– бірнеше нұсқаның арасынан бір жауап таңдау мүмкіндігі бар жабық сұрақтар;

– бірнеше нұсқаның арасынан бірнеше жауап таңдау мүмкіндігі бар жабық сұрақтар;

– сөз немесе сан ретінде жауап беруге болатын ашық сұрақтар.

Онлайн олимпиада тапсырмасы 30 сұрақтан құралған. Негізгі пәндер бойынша, бұл математикалық есептерге негізделген логикалық тапсырмалары, дүниежүзілік тарих (ХХ-ХХI ғғ.) және заманауи Қазақстан тарихы, әдебиет (А. Құнанбаев, М.Әуезов, А.Пушкин, Л.Толстой, Н.Гоголь және басқа шығармалары), биология (адам анатомиясы, жануарлар және өсімдіктер онтогенезі) және география (Қазақстан географиясы, Еуропа және Азия мемлекеттерінің әлеуметтік және саяси географиясы).

Қатысушы оқушылар Атырау уақытымен сағат 11.00-12.00 аралығында онлайн олимпиадада берілген сілтеме бойынша онлайн платформаға кіріп, барлық сұрақтарға жауап беру қажет еді. Өз нәтижелерін бірден көріп, қатысу баллдық сертификаттарын алды.

«Birgemiz: Bilim» онлайн олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен және жоғары 100 (жүз) балл алған оқушылар бірінші орын алды. Олар Ақырыс Назерке, Асыланбекова Нұрдана, Амангелдиева Ұлпан, Әуезов Диас, Жауынбай Қарақат, Хамит Жаннұр, Саясат Перизат, Дюсупова Дильназ, Қуандық Мейіржан, Мүбәрәк Ақсәуле, Демекеш Рамазан, Әділбаева Назерке, Кошжанов Шыңғыс, Өтепов Құрман, Серік Өркен.

Екінші орынды 96 (тоқсан алты) балл жинаған оқушылар алды: Тұрсынова Гүлжайнар, Қуат Ақарыс, Қуан Аяна, Орынбасар Іңкәр, Далашиев Рафхат және Айтқалиева Сабина.

Үшінші орынды 93 (тоқсан үш) балл жинаған оқушылар қатарында, Ахонова Дильназ, Аманжол Асман, Хуандыкова Анэль, Жауынбай Қарақат, Ерсайын Расул, Қалау Гауһар, Ковалева Анастасия, Ерланова Аружан, Айтенов Дархан, Жайжан Ұлболсын, Ерланова Мира және Халелов Айсұлтан.

Қатысушылардың 92% жоғары балл алып, жақсы нәтиже көрсетті. Олимпиаданың барлық қатысушыларына цифрлық сертификат табысталды.

Еске салайық, «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз