Жарнама
Жаңалықтар

Air Astana Атырау–Баку және Алматы–Франкфурт бағыттарына жаңа тікелей рейстер ашты

Air Astana әуе компаниясы 31 мамырдан бастап Атырау–Баку және 1 маусымнан бастап Алматы–Франкфурт бағыттары бойынша жаңа тікелей халықаралық рейстерді іске қосты.

Республика Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау мен Әзербайжан астанасы Баку қаласы арасындағы рейстер Airbus A320 және A321 әуе кемелерімен аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Ал Алматы мен Германияның ірі іскерлік және көлік орталығы саналатын Майндағы Франкфурт қаласына тікелей рейстер A321LR ұшағымен сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды.

–Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Соның нәтижесінде қолға алынған бұл жаңа халықаралық бағыттардың ашылуы Қазақстан мен Әзербайжан және Германия мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды дамытуға оң әсер етеді, — делінген ресми хабарламада.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button