«Жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуі тиіс» (+ФОТО)

73460461 931755597206924 5884011268880203776 o Жаңалықтар

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы кеңейтілген көшелерді аралап, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар берді.

Атырауда орталық 11 көшені қамтитын 34,5 шақырым жол реконструкциялау жобасы аясында қайта жаңғыртылады. Бұл жоба шеңберінде биыл Құрманғазы, Уәлиханов, Бейбарыс және Ғұмаров көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жол жиектері кеңейтілді.

Бүгінде аталған жұмыстардың көп бөлігі аяқталып, көлік қозғалысы үшін жолдар ашылды. Әйтсе де, жобаға сай құрылыс-монтаж жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл ретте қала әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы мердігер мекеме өкілдеріне жолдарды қайта жаңғырту жұмыстары сапалы жүруі керек деп ескертті.

72968067 931755750540242 8468948833605255168 o
75594404 931755690540248 8917851058672238592 o
73364122 931755877206896 3208062333540630528 o

– Бұл жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін іске асып жатыр. Қала орталығындағы маңызы зор автомобиль жолдары сапалы болуы тиіс. Жоба аясындағы атқарылатын жұмыстар тұрғындар сұранысына сай болсын –деді, ол.

Өз кезегінде мердігер мекеме өкілі жолдарды жөндеуден бөлек көше аумағын кеңейтіп жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын төсеу ұзақ уақыт атқарылуы, көше бойындағы барлық инфрақұрылым желілері де ауысуы салдарынан деп атап өтті.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәлімдеуінше, жыл аяғына дейін Құрманғазы және Ғұмаров көшелері толығымен аяқталады деп күтілуде. Ал, Бейбарыс және Уәлиханов көшелері ауыспалы нысан болғандықтан жоспарға сайкес құрылыс-жұмыстары келесі жылы да жалғасады.

76638535 931755657206918 8549908464623681536 o
71717739 931755817206902 2373707048723415040 o

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз