Жарнама
Жаңалықтар

AI-Hub — университеттегі жасанды интеллекттің жаңа мүмкіндігі

Білім беру саласы цифрлық дәуірдің жаңа белесіне қадам басқан сәтте, заманауи технологияларды оқу үдерісіне тиімді енгізу – басты міндеттердің бірі. Осы орайда С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен ашылған AI-Hub жасанды интеллект орталығы – университеттің цифрлық трансформация жолындағы маңызды бастамалардың бірі.

AI-Hub орталығы – жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректерді талдау және интеллектуалды жүйелерді әзірлеу салаларында терең білім мен тәжірибе беретін инновациялық алаң. Мұнда жоғары академиялық үлгерімі (GPA) бар студенттер іріктеу арқылы қабылданып, жетекші жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

– Біз технологияны тек зерттеп қана қоймай, оны нақты білім беру үдерісінде қолдануды көздейміз. Бұл университеттің цифрлық трансформация жолындағы маңызды қадамы, – дейді AI-Hub орталығының жетекшісі, магистр, аға оқытушы Ақмарал Әбдіғалиева.

Оның айтуынша, орталықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллектті білім беру жүйесіне интеграциялау, яғни оқу процесін оңтайландыруға бағытталған интеллектуалды шешімдер әзірлеу. Сонымен қатар, талапкерлермен және студенттермен автоматтандырылған байланыс орнату арқылы университет қызметінің тиімділігін арттыру да басты назарда.

AI-Hub білім беруді автоматтандыру, жасанды интеллект арқылы оқытушылардың жұмысын жеңілдету, студенттерге білімді жекелендіріп ұсыну жүйесін енгізу секілді үш бағытта жұмыс істейді.

AI-Hub орталығына факультет студенттері ішінен арнайы іріктеуден өткен білім алушылар қатыса алады. Бұл іріктеу талапты студенттерді анықтап, олардың әлеуетін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жобалар арқылы дамытуға бағытталған.

AI-Hub – бұл тек зертханалық орта емес, ол – болашақ инженерлер мен ІТ-мамандарын даярлайтын зияткерлік алаң. Университеттің цифрлық трансформацияға бет бұруында AI-Hub орталығының атқарар рөлі зор. Бұл арқылы білім беру мен технологияны ұштастыру жұмыстары жаңа деңгейге көтеріледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button