Жарнама
Жаңалықтар

Ахмет ата әулиенің қабірі «Ноғай» зиратына жерленді

Атырауда Ахмет ата әулиенің қабірі көшірілді. Қайта жерлеу марқұмның туған-туыстарының рұқсатымен, сондай-ақ ақсақалдар кеңесі мен қаланың дін басыларының батасымен жүргізілді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-09-18 at 16.03.06

Орталық Иманғали мешітінің бас имамы Батыржан Мансұровтың айтуынша, Атырау облысының діни кеңесі әулиені жаңа орынға ауыстыруды мақұлдады.

— Атырау қаласы әкімдігінің басшылығы Мұсылмандар діни басқармасының облыстық филиалынан қала тұрғындары қажылық орын ретінде құрметтейтін Ахмет ата қабірін автомобиль жолын кеңейтуге байланысты көшіруге рұқсат сұрады. Шариғат бойынша мәйітті зиратқа дұға оқып, исламның барлық заңына сәйкес қайтыс болған жанның мүрдесін ақ матаға орап, жерлеу қажет екенін хабарладық. Ахмет ата ұрпақтарының рұқсатын алу міндетті болды. Рұқсат алынып, бұрынғы жерленген орнында дұға оқылып, содан соң қабірді «Ноғай» мәйітіне ауыстырдық, — деді Иманғали мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

Әулиенің бұрынғы жерленген орнында қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол учаскесін кеңейту жұмыстары жүргізіледі.

— Жолдағы қазіргі кедергілер жойылып, жолдың шығыңқы тұсы мен оны шектеп тұрған жол жиегінің бөлігі жөнделетін болады. Учаскені кеңейту қарбалас сәттердегі көлік қозғалысын едәуір жеңілдетіп, автомобиль жолының өткізу қабілетін ұлғайтатын болады, — деді қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button