Жарнама
Жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМ ДА ҚОЛДАУ КҮТЕДІ

 

— Президент ғылымды, дәлірек айтқанда, елдің мүддесі үшін жұмыс істейтін нақты жобалар мен жаңалықтарды қаржыландыруды ұлғайтып, оның деңгейін дамыған елдердің көрсеткішіне жеткізуді міндеттеді. Осы мәселеде, біздің пайымдауымызша, ғылымды жобалық қаржыландыруға, нақтылар болсақ, институттарды қаржыландырудан ғалымдардың шығармашылық ұжымдарын қаржыландыруға ауысуымыз керек сияқты, — деді Салтанат Рахымбекова.

Оның елдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жайы турасында да айтары бар екен. «Мемлекет басшысы «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі өңірлік экспортшыларының біріне айналуы тиіс, аграрлық ғылымды дамыту, тәжірибелік аграрлық-инновациялық кластер құру қажет. Ал, ол үшін АӨК-ін дамыту жоспарына түзетулер енгізу керек» деп атап көрсетті. Біздің пікірімізше, Мемлекет басшысының аталған тапсырмасын орындау үшін әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету жүйесіне түзету енгізілгені жөн» деді баяндамашы.

Салтанат Рахымбекова әңгіменің бағытында Аргентинаның, Бразилияның және Польшаның тәжірибелерін мысал ретінде жұрт назарына ұсынды. 

Брифингте ҚР Азаматтық альянсының вице-президенті журналистердің көптеген сұрақтарына дәйекті жауап қайтарды.

Азамат БАЗАРБАЕВ. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button