
Жаңалықтар
Әбілқайыр хан даңғылында жол қозғалысына уақытша өзгерістер енгізіледі
Атырау қаласында бүгін, 8 қыркүйектен бастап Әбілқайыр хан даңғылында орташа жөндеу жұмыстарының келесі кезеңі басталады. Осыған байланысты Т.Шәмелов көшесі мен Сұлтан Бейбарыс даңғылы аралығындағы жол бөлігінің бір бағыты ашылып, қарама-қарсы бағыт уақытша жабылады.
Жол жөндеу жұмыстары қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және жол сапасын жақсарту мақсатында жүргізілуде.
Қала әкімдігі уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытына мұқият болуды, алдын ала балама жолдарды пайдалануды ұсынады.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ