Жарнама
Жаңалықтар

«Абайлаңыз, балалар!»: Атырауда 2 күнде 800-ден астам құқық бұзушылық анықталды

Атырау облысы аумағында 15-31 мамыр күндері аралығында «Абайлаңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталмыш шараның мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалысы ережесін насихаттау.

Іс-шара басталған 2 күн ішінде 826 құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

-қиылыстардан өту ережесін бұзу — 40;

-жаяу жүргінші өтпесінен өту ережесін бұзу — 149;

-балаларды тасымалдау ережесін бұзу — 53, оның ішінде, балаларға арналған орындық қолданбау — 27;

— көлік құралының тоқтау ережелерін бұзу — 34.

Айта кетейік, іс-шара 31-мамырға дейін жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button