Абай мұрасы бірлікке бастайды
Абай күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея жастары» РҚБ мен «Светоч-Атырау» славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әдеби-сазды кеш өтті. Достық үйінде өткен іс-шарада жастар белсенділік танытып, өзге ұлт өкілдері Абайдың өлеңдерін нақышына келтіре оқыды.
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мамандары Абай мұраларын шара қатысушыларына таныстырып, кемеңгер ақын шығармаларының құндылығын түсіндірді.
–Абай мұрасы – халықтың бірлігі мен тұтастығына бастайтын жол. Оның шығармалары әрбір жас ұрпақтың өз халқына, еліне және жеріне деген патриоттық сезімін оятады. Шараның да мақсаты сол – Абай шығармашылығын қала тұрғындары арасында насихаттау. Біз әрбір адам осы өлең жолдарынан өзі үшін өте маңызды қанатты сөздер табатынына сенімдіміз, — деді «Ассамблея жастары» РҚБ мүшесі Айлана Битеуова.
ҚХА этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері және Ассамблея жастары қатысқан шараның соңы белсенді қатысқандарды марапаттаумен қорытындыланды.
Майра ОРАЗҒАЛИЕВА