Жарнама
Жаңалықтар

Ақыл мен еңбек – бәрін де жеңбек

Қай қызметте болмасын, жетістікке жетіп, биік шыңдарды бағындыра білу үшін адамзат үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Аянбай, адал еңбек етіп, адамгершілік, әдептілік қасиеттерді бойына сіңірген жанның ешуақытта ұтылмасы анық. Бүгінде мемлекеттік қызметшілерге қойылып отырған басты талап – осы. Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қайта даярлау курсынан білімін жетілдірген жас мемлекеттік қызметшілерге өткізген дәрісі барысында осы мәселелерге ерекше назар аударды.

????????????????????????????????????

11-29 маусым аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жаңадан қабылданған мамандарды қайта даярлау курсы ұйымдастырылған болатын. Аталмыш курс тыңдаушыларына аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев «Атырау облысының 2018 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс кезінде өңір басшысы мұнайлы өлкенің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен қатар, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен бөлісіп, бірқатар кеңес берді. Курс тыңдаушыларына ресми мәлімет беріп қана қоймай, жас мамандарға үлгі боларлық тағылымды әңгімелерін әзілмен ұштастыра жеткізді. Айталық, стратегиялық мақсаттар – өркениет көшінен қалмауға жетелейді. Мемлекет басшысының бәсекелестікті дамыту бағытында нақты міндеттер жүктеп, үнемі ескертіп отыратыны да сондықтан. Әрбір жас орта, арнаулы, тіпті жоғары білім алып, жақсы қызметке орналасқаннан кейін де тоқмейілсімей, ұдайы өз-өзін жетілдіріп отыруы қажет. Әсіресе, мемлекеттік қызметтің баспалдағын жаңадан аттаған жас мамандар ақпарат дәуірінде соңғы жаңалықтардан хабардар болып, замана көшінен қалмауы тиіс. Қызметте біреуді басқарып немесе халықпен тікелей жұмыс жасау үшін біліктілік керек.

Өңірде жалпы өнім көлемі егемендік алған жылдарға қарағанда 9,9 мың есе өсті. Бұрын бірнеше айлап жұмысшыларына жалақы төлей алмайтын мекемелердің бүгінде жағдайы тұрақтанды. Өнеркәсіп өнімінің ауқымы да бірнеше есе өсіп отыр. Келесі жылы аймақта қазақ мұнайының Қарашүңгілден өндіріле бастағанына 120 жыл толады. Сол жылдар аралығында аймақтағы кен орындарынан қаншама тонна «қара алтын» өндірілді? Бүгінгі таңда облыста барлық салада оң динамика байқалады, — деді Нұрлан Асқарұлы.

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button