Жарнама
БілімЖаңалықтар

Қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге 34687 талапкер қатысты

ҰБТ сынағын 25 615 қатысушы  қазақ тілінде, 10 162 тілек білдіруші  орыс тілінде, сондай-ақ, 61-і ағылшын тілінде тапсырды. Тестілеу  нәтижесінде 24 012 (69%) түлек белгіленген шекті деңгейдегі 50 ұпайға ие болды. Ал, 10 675-і (31%)  бұл белестен көріне алмады.

ҰБТ ұмтылыс пен ұтылыс

«Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің жоғары оқу орнына  ақылы түрде түсуіне мүмкіндік береді. Егер мектеп бітіруші түлек мемлекеттік білім грантына ие болғысы келсе, міндетті түрде маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы керек. Қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыратын тестілеу сынағы үшін мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмайды» — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button