Ақтөбе-Лаэти қаласының құпиялары ашылмақ

20170802083649 Жаңалықтар
Атырау аумағында орналасқан Ақтөбе-Лаэти ескі қалашығында қайта зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Көне мекенде көп жылдан бері қазба жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20170802035130
Жуырда қазба жұмыстары кезінде мамандар көне қала орнынан қыш ыдыстар мен мыс тиындар олжалады.
20170802083649

«Археологтардың жолы болды. Қазба жұмыстарын жүргізген алғашқы күні қызметкерлер бүтін өндірістік кешенге тап болды. Ескі қала орнынан қыш ыдыстар мен мыс тиындар табылды. Бұл біздің бабаларымыздың тарихы. Бізде номадтардың, сарматтардың өркениетін тек көшпенділікпен ғана байланыстыратын түсінік бар. Ал шын мәнінде олар отырықшы болған, онда қолөнер өте жоғары деңгейде дамыған. Оны Ақтөбе-Лаэти орнынан табылған көне жәдігерлер дәлелдеп отыр», – деді белгілі атыраулық ғалым-археолог Марат Хасенов.
20170802035113

Қалашық арнайы қоршауға алынып, болашақта Ақтөбе-Лаэти ортағасырлық қаласы орнынан аспан асты музей-қорығы тұрғызылмақ көрінеді. Тарихшылар Ұлы Жібек жолының бойында сауда керуендеріне арналған «Ақтөбе-Лаэти» қалашығының орналасқаны жөнінде 1960 жылдан бері айта бастады. Мұнда 1965 жылы Ш.Уәлиханов атындағы тарих-археология және этнография институының ғылыми қызметкерлері алғашқы болып археологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, қалашық екі қорған ескерткіштен тұратындығын анықтаған. Қалашықта жүйелі түрдегі қазба жұмыстарын Лев Галкин жетекшілік еткен КСРО ғылым Академиясының Археология Институтының Орал-Еділ бойы экспедициясы 1974 жылы бастап, 1981 жылға дейін жүргізген.

Ол қазба орнының 200х80 метр аумағы зерттелген. Сол кезде табылған дүниелерге қарап, қалада түрлі металл өңдейтін орындар, әйнек, зергерлік бұйымдар жасайтын шеберханалар болғанын айтуға болады. Одан бөлек, мұнда Иранның Шираз қаласында соғылған тиындар табылған. «Бүгінде көне қалада қазба жұмыстары жүріп жатыр. Қазба орнында қыш ыдыстардың сынығы, металл қорытпаларының қалдығы, моншақтар және жазуы сақталмаған мыс тиындар табылды, – дейді М. Хасенов.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз