Аққалада – жаңа мектеп

А алада Ц жа а мектеп Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы қарсаңында Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы демеушілігімен облыста қос мектептің құрылысы аяқталды. Олар – Индер ауданының Аққала және Атырау қаласына қарасты Ақжайық ауылдарында орналасқан. Кеше соның алғашқысы шәкірттерге есігін айқара ашты.

А____алада Ц жа__а мектеп

Салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев, НКОК компаниясының мемлекеттік органдармен қарым-қатынас және сыртқы байланыс жөніндегі менеджері Серік Идранов, облыстық білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов, мектеп құрылысымен айналысқан «Самалнефтьстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жанболат Жанбалаев пен  ауыл тұрғындары қатысты.

– Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, халқымыз үшін ең бірінші орында білім тұруы қажет деген қағиданы жүзеге асыру бағытында барлық елді мекендерде бірқатар игі шаралар атқарылуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын алты апаттық жағдайдағы мектеп болса, соның үшеуі жаңа оқу жылы қарсаңында ашылып жатыр. Міне, Аққала орта мектебі де – соның бірі. Облыстың білім ұяларындағы орын тапшылығын азайту мәселесі облыс әкімінің үнемі бақылауында. Биыл барлық елді мекендердегі мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға 1,3 млрд. теңге бөлінсе, оқулықтармен қамту мен басқа да қажеттіліктерге бес млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр, – деді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев.

Аққала селосындағы 1,44 гектар аумақта орналасқан жаңа білім ұясына биылғы оқу жылында 120 оқушы қабылданбақ. «Т» пішіндес екі қабатты мектеп ғимараты үш блоктан тұрады. Сонымен бірге, мұнда жылу қазандығы үшін де арнайы ғимарат салынған. Жинақы, әрі ыңғайлы трансформаторлық қосалқы станса қуаты – 10/0,4 киловольт. Көлемі 15 және 2х50 текше метр сұйық қоймалары күнделікті және өртке қарсы су қорына арналған. Сол сияқты, 25 текше метр жинақтаушы ыдыс пен басқа да техникалық құрал-жабдықтар қарастырылған. Балалар «EcoStep» жарақаттан қорғайтын резеңке плиткалардан жасалған жарыс жолағымен жүгіре алады. Ал, жасанды көгалмен көмкерілген спорттық ойын алаңдарында түрлі спорттық  жарыстар өткізуге болады.

А____алада Ц жа__а

Аталған компания менеджері Серік Нағимұлы бүгін ауыл тұрғындары үшін ерекше қуанышты күн екенін атап өтті.

– Бұл – орта білім беретін шағын комплектілі мектеп. Ол бүгінгі заман талабына толықтай жауап береді. Мұнда бір ауысымда 120 бала оқитын болады. Оқу кешені оқу-жаттығу, дене шынықтыру-спорт, мәдени-көпшілік, медициналық қызмет көрсету және басқа да топтарға бөлінген. Жалпы, 1998 жылдан бүгінге дейін НКОК компаниясының қаржыландыруымен 180-ге жуық құрылыс нысандары пайдалануға берілді. Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша 550 млн. доллар қаржы жұмсалды. Атырау-Индер жолы қаржыла­ндырылды. Енді Көктоғай ауылында дәрігерлік нысан тапсырылмақ, – деді ол.

Ал, ата-аналар атынан Камалиден Ізімов ақ тілегін жырмен жеткізсе, 8-сынып оқушысы Меруерт Ахметуллина бұл мектептің үздік білім ордасына айналарына уәде берді. Осыдан кейін мектеп директорына символикалық кілт тапсырылып, ардагер ұстаз Нәжімеден Исламғалиев лентаны қиды.

Компания инфрақұрылымды дамыту мен әлеуметтік қолдау бағытында жыл сайын қомақты қаржы бөліп отырады. Өткен жылы 13,3 миллион АҚШ долларын құрайтын қаржысы бөлінген  17 әлеуметтік жоба биыл аяқталады деп күтілуде. Бұл бөлінген жобалар мектеп, балабақша, аурухана, спорт ғимараттарын салуға, жол, инженерлік қамту, электр жүйелерін тарату мен су құбырларын жүргізуге, яғни, жергілікті халық үшін пайдасы зор инфрақұрылым нысандарының құрылысына арналуымен құнды.

Амандық Сағынтайұлы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз