968 науқастың 80 пайызы – балалар
Қызылша Астанада кең тарап, Алматы қаласы мен Алматы облысында біршама артты. Алматыда – 50, Ақмолада 41 оқиға тіркелді. Бұл – зертханалық нақтыланған оқиғалар. Қажетті вакцина көлемі бар.
Биыл ауру негізінен балалар арасында өршіді. Науқастанғандардың 60-70 пайызы – бүлдіршіндер. Қауіп сейілмей тұрған 3 өңір тұрғындарына ауруға қарсы екпе 9 айдан кейін салынады. Қазір 100 мың тұрғынға жететін вакцинаға қосымша тапсырыс бердік. Бұл – қызылшаға қарсы моновакцина.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік сауда ұйымы тарапынан дивакциналарды тегін алу мәселесі қарастырылуда. Қоса кетерлігі, 90-шы жылдарда және 2000-шы жылдардың басында вакцина алған ересек адамдар ішінде де қызылшамен ауырғандар бар. Ақмола облысында күн суытқаннан бері 49 оқиға тіркелді. Ал, Ақтөбеде 7 бала ауруды жұқтырып, ем қабылдауда. Жалпы, соңғы екі айда Қазақстанда 968 адам қызылшаны жұқтырса, оның 80 пайызы – балалар.
Жандарбек БЕКШИН,
Қоғамдық денсаулықты қорғау комитетінің
төрағасы – бас мемлекеттік санитар-дәрігер.