«Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы басталды
Елімізде «Халық» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы жалғасып жатыр. Аталған акция аз уақытта өзгенің мұқтаждығына немқұрайлы қарамайтын ізгі жүректі азаматтардың басын біріктіріп үлгерді.
Біраз отандасымыз биылғы наурыз-сәуір айларында қор көрсеткен қыруар көмек – азық-түлікке өздерінің жүрекжарды алғысы мен ризашылығын білдірді. Осының өзінен-ақ мұқтаж жандар «Көп түкірсе – к ө л » д е ге н д а н а л ы қ т ы айқын сезініп, халықтың асқан бауырмалдығы мен жанашырлығына бөленді.
1 ш і л д е д е н б а с т а п , р е с п у б л и к а н ы ң б а р л ы қ а й м а ғ ы н д а « Х а л ы қ » қ а й ы р ы м д ы л ы қ қ о р ы Қ а м қ о р ш ы л а р к е ң е с і н і ң шешімімен кезекті «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясы басталды.
Бұл қолдау-көмек 20 000 отбасына көрсетіледі. Әр отбасына 50 келілік азық-түлік жиынтығын (күріш, қарақұмық, ұн, макарон, өсімдік майы, бұқтырылған ет, қант, шәй, кәмпит) бұрын көмек көрсеткен отбасыларға қаржыдан қиналған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ ерекше қажеттіліктерді талап ететін балалары бар отбасыларына тарату жоспарланып отыр. Қор өз есебінен бұған жалпы сомасы 500 миллион теңге жұмсамақшы.
– Акцияға отандастарымыз зор қолдау білдіріп жатыр. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз он мыңдаған отбасына қажетті азық-түлік көмегін көрсеттік. Бұл біздің мүмкіндіктеріміздің шегі емес екенін білеміз. «Халық» қорының қайырымдылық акциясы биыл жыл бойы бірнеше мәрте өткізіледі. Біз еліміздің барлық мүдделі азаматтары мен кәсіпкерлеріне үндеу тастаймыз. Ынтымақтастықта болыңыз, шет қалмаңыз, бізге қосылыңыз – «Ел тірегі – ЕЛБАСЫ» акциясын қолдайық. Біз бірге болсақ, қайырымды істер ауқымын арттыра аламыз! — деді «Халық» қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Динара Құлыбаева.
Көңілге қуаныш ұялататыны, қор бастамасын еліміздегі еріктілер қолдап әкетті. Олар мүмкіндігінше азық-түлік
с е б е т т е р і н а л у ш ы л а р д ы қамтамасыз етеді.
Лиза СЕЙТІМОВА