8 наурызға орай мемлекет тарапынан кімдерге және қалай қаражат төленетіні белгілі болды
Ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады.
«Каспианлайф» мәлім еткендей, Халықаралық әйелдер күніне орай ШҚО-дағы көпбалалы аналарға ақшалай төлем беріледі. Қаржылай көмек төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған әйелдерге тағайындалады. Бұл туралы Айқын газеті хабарлайды.
«Сондай-ақ, ақшалай төлемді «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана», «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар да ала алады. Төлем мөлшері 5 АЕК (14 585 теңге) құрайды. Бұл атаулы және мерекелі даталарға арналған төлем категориясы», – деп хабарлады ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әлеуметтік төлемдер бойынша бөлім басшысы Бұлбұл Балабекқызы.
Мемлекеттік көмек 8 наурыздан кейін беріледі. Төлемді алу үшін «Қазпочта» АҚ филиалдарына хабарласу жеткілікті. Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы керек.