Жарнама
Жаңалықтар

76 км жол жаңғыртылуда: Құлсарыда қалаішілік жолдарды қайта жаңғыртудың 4-кезеңі жүріп жатыр

Жылыой ауданы Құлсары қаласында қалаішілік автомобиль жолдарын қайта жаңғыртудың төртінші кезеңі аясындағы ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаға ұзындығы 76 шақырымды құрайтын 256 көше қамтылған. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бүгінде құрылысқа 200-ге жуық жұмысшы мен механизатор тартылған. Үдеріс қарқынын арттыру үшін қажетті техника толық көлемде іске қосылды. Аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазір құрылыс алаңында 40 жүк көлігі, 3 асфальт төсегіш, 4 кран, 1 бетон тасымалдаушы, 14 тиегіш, 15 жол тығыздағыш, 10 экскаватор, 5 су тасымалдағыш техника және 6 грейдер жұмылдырылған, — деді аудандық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бекет Бозжігітов.

Қайта жаңғырту жұмыстары келесі жылға дейін толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button