Жарнама
БЕЙНЕЖАЗБАЖаңалықтарҚоғам

Хайп па, айып па?Атырауда иттің басын есікке қыстырып қорлаған тұрғын кешірім сұрады

Аtr.kz/2 маусым, 2020 жыл.  Атырауда «шашлық жасаймын» деп итті айуандықпен қинап, көптің ашуына тиген жігіттің халықтан кешірім сұраған бейнежазбасы тарады.

Қараған жанның төбе шашын тік тұрғызатын жауыз жігітке желі қолданушылары сене қоймағанға ұқсайды. Ол бұл жағдайдың мастықпен орын алғанын және енді қайталанбауына уәде берді. Айтуынша, бейнежазбаны түсірген тұрғын итті арашалап аман алып қалған. Сол күні оның иті сүйіктісіне шабуыл жасаған көрінеді және ата-анасының жылыжайына қопарып тастаған. Бірақ, осы үшін хайуанды азаптауға бола ма? Міне, жұртшылықты мазалайтын да осы мәселе.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жас жігіттің итті қатал жолмен қорлап жатқан бейнежазбасы пайда болған еді. 31 мамыр күні Еркінқала ауылында орын алған жағдай көпшіліктің ашуы-ызасын туғызды. «Доброе сердце» инстаграм парақшасында жарияланған бұл видео «Ватсапп» қосымшасы арқылы жұртшылыққа кеңінен тарап үлгерді.

Басы жаншылған иттің жанайқайы шығып жатқанда, бейнежаба авторы жануарды жайына жіберуді сұрайды. Бірақ, әлгі жігіт итті қорлауын тоқтатпайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button