Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

«Пекинде» кімдер демалады?

Atr.kz/31 наурыз, 2020 жыл. Жергілікті кәсіпкердің карантиндік стационарға берген қонақ үйінде алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері демалатын болады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Өңірлік комиссияның шешіміне сәйкес, стационарлық аймақтарда және жедел жәрдем станциясында жұмыс істейтін дәрігерлер мен медициналық қызметкерлер өз кезекшіліктерін күту кезінде «Пекин» қонақ үйінде демалады.

  • Бұл инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарлардың қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары. Осы арқылы біз олардың және жанұясының өмірін қала ішіндегі қажетсіз байланыстар мен қозғалыстан сақтаймыз, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизов.

Еске сала кетейік, қонақ үйдің ауданы 2700 ш.м. құрайды, оның ішінде 62 кереует, 31 бөлме бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button