Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

7 пайыздық ипотекаға айына қанша теңге төлейміз?

25 жыл мерзімге 7% жылдық мөлшерлемемен қолжетімді ипотека рәсімдеу бойынша қазақстандықтар ай сайын баспана үшін қанша теңге төлеуі керек екені есептелді.

mGoEIw

Қазақстанда көлемі 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтер орташа есеппен 10,4 млн теңге тұрады. Егер жас отбасы жаңа баспана үшін 8,32 млн теңге несие алса және жылдық сыйақы мөлшерлемесі негізгі қарыздан шегерілетін болса, онда оларға ай сайын 76,3 мың теңге төлеп отыруы керек болады.

Айта кету керек, ең жоғарғы төлемдердің тізімінде Атырау облысының да үлесінде тұр. Мұнда ай сайынғы төлем 100 мың теңгеге жуықтайды.

Еске сала кетсек, ҚР Парламентінің біріккен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың пәтерге қолжетімділігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы іске қосылатын мәлімдеген болатын.

Хорлан СМАДИЯР

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button