Оқулықтардың олқылығы неде?

47350b68430ec6948bafaa866811ac22 L Білім

Atr.kz/18 тамыз, 2019 жыл. Соңғы жылдары республикалық басылымдарда мектеп оқулықтарының са­пасына және ондағы қателер мен бұрмаланған деректерге байланысты сыни мақалалар көптеп жариялануда. Ондай мақалалар, өкінішке қарай, «Қазақстан тарихы» оқулықтарына да тән. «Қазақстан тарихы» және «Өлкетану» пәндерінен дәріс беретін ұстаз ретінде біз де авторлары З.Қабылдинов, Ж.Қалиев, А.Бисембаева болып табылатын 2018 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан, 8 (7) сыныпқа арналған, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Қазақстан тарихы (XVIII-XIX ғасырлар)» оқулығымен жете таныстық.

 Біздің ерекше көңіл а у д а р ғ а н ы м ы з – оқулықтағы Атырау өлкесінің т арихына байланысты деректер. Назарымыз алдымен 81-беттегі «Бөкей ордасы қазақтарының 1836- 1838 жылдардағы көтерілісі» деген тақырыпқа ауды. Мұның өзі өте таң қаларлық жайт. Себебі, З.Қабылдиновтың авторлығымен 2012, 2016 жылдары «Атамұра» баспа­сынан шыққан 8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарында бұл тақырып «Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс» деп дұрыс берілген болатын. Өйткені, бұл жерде көтерілістің б а с ш ы л а р ы , с и п а т ы көрсетілген еді. Ал, оқулықтың 2018 жылғы шығарылымында авторлар көтеріліс көсемдерін тақырыптан неге алып тастаған? Сол тарихи кезеңде Исатай мен Махамбет батырлар қазақ шаруаларының басын біріктіріп, ортақ мақсат- мүддеге тоғыстырып, азаттық күреске ұйымдастырмаса көтеріліс болар ма еді?

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсеткендей, «әрбір өлкенің … есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» . Біздің Атырау өлкесі үшін Исатай мен Махамбет батырлар – Ұлы даланың ұмытылмас тұлғалары. Сондықтан да мектеп оқушылары оларды жақсы білуге тиіс және мақтан тұтуы керек. Олай болса, оқулық авторларының көтеріліс көсемдерінің есімдерін тақырыптан алып тастауы – қателік. Ал, егер авторлар көтеріліс көсемдерін тақырыптан әдейі алып тастаған болса, онда бұл – саяси қателік.

А в т о р л а р д ы ң о с ы тақырыптағы екінші қателігі – «Бөкей ордасында 1838 жылы да көтеріліс болды» деуі. Шын мәнісінде, 1838 жылы Бөкей ордасында ешқандай көтеріліс болған емес. Бұл жерде автор­лар оқушыларды да, тарих пәні мұғалімдерін де адастырып, қателікке ұрындырып отыр. Сонда 1838 жылы көтеріліс қайда болды? Оған былай деп жауап беруге болады. 1837 жылдың 13 желтоқсан күні таңда Исатай мен Махамбет бастаған шағын топ қарлы дауылды пайдаланып, Құрақ Маябасов деген жолбасшының көмегімен қазіргі Махамбет ауданының орталығына жақын жердегі Сарытоғай маңынан Азия бетке – Кіші жүзге өткен. Бұл туралы көптомдық «Қазақстан тарихының» ІІІ томында былай деп жазылған: «Бөкей ордасында шаруалар көтерілісі аяқталса да, ол Жайық өзенінің сол жағалауында одан әрі өрістеді. Осы аумақта (Кіші жүздің батыс бөлімінде – А.Ш.) Исатай мен Махамбет патша өкіметінің жазалаушы әскерлері мен жергілікті феодалдарға қарсы шешуші шайқас жолында күш біріктіре бастады». Бұл жерде Исатай мен Махамбет отарлық езгіге қарсы қазақтарды біріктіріп, ұлт-азаттық көтерілісті жаңа сатыға көтеруді мақсат етіп қойды. Сондықтан, олар Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлімінде ұзақ жылдар бойы патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы үзбестен күрес жүргізіп келе жатқан сұлтан Қайыпқали Есімовпен саяси-әскери одақ жасауды қажет деп тапты. Батырлардың бұл тактикасы өз жемісін берді. 1838 жылдың алғашқы алты айының ішінде Қ.Есімов пен И.Тайманов бастаған көтерілісшілердің саны 3000- ға жетті. Ал, Бөкей ордасында көтерілісшілердің саны 2000- дай болатын.

Міне, осылардың бәрін ескере келе біз ғылыми айналысқа «1836-1837 және 1838 жылдардағы Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөліміндегі Исатай Тайманұлы мен Ма­хамбет Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс» атты тақырып енгіздік. Бұл жерде көтеріліс болған аумақ пен жылдар, көтеріліс басшылары мен оның сипаты анық көрініп тұр. Олай болса, 2018 жылы «Атамұра» баспасынан шыққан 8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығындағы тақырыптың «Бөкей ордасы қазақтарының 1836-1838 жылдардағы көтерілісі» деп аталуы оқушыларға қате түсінік береді. Бұл жерде авторлар, біріншіден, патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы бағытталған, қазіргі Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облы­стары аймақтарын қамтитын 3000-нан астам адам қатысқан 1838 жылдың алғашқы алты айындағы көтерілісті ескермеген. Eкіншіден, тақырыптағы «Бөкей ордасы» деген сөз көтеріліс аумағын негізсіз тарылтып, көтеріліс тек Бөкей ордасында ғана болған екен деген қателікке ұрындырып тұр.

«Атамұра» баспасынан 2016, 2018 жылдары шыққан 8- сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарында авторлар Исатай-Махамбет көтерілісін екі кезеңге бөліп көрсетеді. Бұл өте дұрыс. Исатайтанушы ғалым ретінде мен 2003 жылдан бері Исатай бастаған көтерілісті екі кезеңге бөліп көрсетудемін. Яғни, І кезең 1836-1837 жылдары көтеріліс Бөкей ордасында басталып, өрістейді ж ә н е Т а с т ө б е ш а й қ а с ы м е н а я қ т а л а д ы . І І к е з е ң 1 8 3 8 жылдың алғашқы 6 айын қамтиды. Көтеріліс Ақбұлақ қ ы р ғ ы н ы м е н аяқталады. Біз ұсынған осы екі кезең жоғарыда аталған оқулықтың орысша нұсқасында көрсетілген. Алайда, бір түсініксіз жайт – осы оқулықтың қазақша нұсқасында көтеріліс ешқандай кезеңге бөлінбеген. Былайша айтқанда, кезеңдер орысшадан қазақшаға аударылмаған. Мұны енді авторлардың немқұрайлығы деуден басқа айтар сөз жоқ.

Оқулықтың 86-бетіндегі (орысша-85) «Кіші жүз қазақтарының көтерілісі» атты картаға көз жүгіртсек. Бұл картадағы басты сорақылық – 1836-1837 жылдардағы және 1838 жылдың алғашқы алты айында Бөкей ордасы мен Кіші жүздің батыс бөлігінде болған халық-азаттық көтерілістің «рухани көсемі, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы қазіргі Атырау облысы, Жылыой ауданы аумағындағы Жем өзенінің Каспий теңізінің құйылысына жақын жерде қаза тапты» деп көрсетілуі.

Тарихтан белгілі, Махамбет Өтемісұлы 1846 жылы қазан айында қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы аумағындағы Қарой деген жерде қаза тапқан. 1995 жылы Махамбет зиратының үстіне биіктігі 12,2 метрлік кесене тұрғызылды. Қазір бұл жер–Махамбет Өтемісұлы атындағы тарихи- мәдени қорық. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде Махамбет кесенесі киелі орын қатарына қосылды. Батыр кесенесіне м е к т е п о қ ушы л а р ы , студенттер, туристер, жалпы жұртшылық барып, зиярат етеді. Сондықтан, оқулықтағы М.Өтемісұлы Жем өзенінің бойында қаза тапты деп, батырдың өмірдерегін бұрмалап көрсетуді тек Атырау өлкесі ғана емес, жалпы қазақ халқының азаттық күрес жолындағы тарихын бұрмалап көрсету деп бағалаған дұрыс.

Сайып келгенде, осының

 бәрі оқулық және карта авторларының И.Тайманұлы м е н М . Ө т е м і с ұ л ы бастаған көтеріліс туралы мағлұматтарының өте тайыз екендігін көрсетіп тұр. Сонымен бірге, Атырау өлкесіндегі оқу орындарының осы тақырыпқа байланысты шүкіршілік ететін жайы бар. Атап айтқанда, осы мақала авторының «Исатай Тайманұлы мен Махамбет

 Өтемісұлы бастаған халық- азаттық көтеріліс (1836-1838 жылдар)» атты оқулық картасы 2003 жылы Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау тауып, Қазақстанның барлық оқу орындарына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша көрнекі құрал ретінде пайдалануға ұсынылды. 2016 жылы «Мектеп» баспасы шығарған 8- сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығына (авторлары Ж.Қасымбаев, Т.Омарбеков) жоғарыды аталған менің картам қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде енгізілді. Қазір Атырау облысы мектептерінде осы карта көрнекі құрал ретінде пайдаланылуда. Ал,З.Қабылдинов, Ж.Қалиев, А .Бисембаева сияқты авторлардың қателерге толы картаны оқулыққа енгізуіне сарапшылардың да кінәсі бар екендігін жоққа шығаруға болмайды.

Өкінішке қарай, аталған оқулықтың 162-бетінде қазақтың ұлы күйші- композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының қайтыс болған жылы 1889 деп қате көрсетіліпті. Ал, «Мектеп» баспасынан 2018 жылы шыққан 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулығында авторлар Құрманғазының туған жылы – 1806 деп, қайтыс болған жылы – 1879 деп тарихи шындықтан мүлдем алшақтаған. Ал, сол авторлардың «Мектеп» баспасынан 2016 жылы шығарған «Қазақстан т а р и х ы » о қ у л ы ғ ы н д а Қ.Сағырбайұлының туған, қайтыс болған жылдары 1823- 1896 деп көрсетілгендігін ескерсек, онда әр автор ұлы күйшіні өздерінше туғызып, өздерінше о дүниеге аттандырған деуге әбден болады.

 Бұл жерде авторлардың өткен ғасырдың 90-жылдарының ІІ жартысында атыраулық тарихшылар М.Жолжановтың, Х.Табылдиевтің Астрахан қаласындағы мемлекеттік архивтен Құрманғазының ө м і р і н е б а й л а н ы с т ы жаңа деректер тауып, ұлы күйшінің 1823 жылы дүниеге келіп, 1896 жылы қайтыс болғанын дәлелдегенінен және ҚР Ғылым Академиясы жанындағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында құрылған сараптама комиссиясы Қ.Сағырбайұлының туған және қайтыс болған жылдары туралы жоғарыда келтірілген деректерді ресми бекіткенінен мүлде хабарсыз екенін көрсетеді. Құрманғазыны «1806 жылы туып, 1879 жылы қайтыс болды» деген деректі авторлар көптомдық «Қазақстан тарихының» 1979 жылы шыққан ІІІ томынан алғандығы көрініп тұр. Авторлар ұлы күйшінің туған, қайтыс болған жылдары туралы жаңа деректерді пайдаланудың орнына, ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы ескі, негізсіз деректерге неге ұмтылады?

Б і з д і ң п і к і р і м і з ш е , «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жазылған оқулықтар әр облыс орталығындағы университеттердің «Қазақстан тарихы» кафедрасынан апробациядан өткені дұрыс. Сондай жағдайда ғана сол өлкенің тарихына байланысты деректердің бұрмаланбауына қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпқа бір пән бойынша бірнеше оқулықтың шығарылуы тиімсіз екендігі де байқалуда. Өйткені, әр автордың оқулығында әртүрлі деректер келтіріледі. Бір оқулық болған жағдайда, мысалы Атырау өлкесіне байланысты Махамбеттің қаза тапқан жері, Құрманғазының туған, қайтыс болған жылдары, ұлы күйші- композитор Дәулеткерей Шығайұлының туған топырағы туралы жаңсақ деректер оқулықтан ада болар еді.

М е н т а р и х ш ы – исатайтанушы ретінде 2013 жылы 17 қыркүйекте «Еге­мен Қазақстан» газетінде 8 сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» оқулықтарындағы өрескел қателіктер туралы «Оқулықтағы олқылықтар» атты сын мақала жарияладым. Онда республика мектептерінде И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті оқыту ешқандай сын көтермейтінін жазған едім. Оқулықтардың жаңа нұсқаларымен таныса келе авторлардың сол сын м а қ а л а д а н е ш қ а н д а й қорытынды шығармағандығы, тіпті қателердің одан сайын көбейгендігі байқалды. Шындығын айтсақ, бұл тақырыпты оқыту мұғалімдерді де, оқушыларды да әбден шатастырады. Бұл жерде мәселенің күрделілігі сол – осы оқулықтардағы қателіктерді республика мектептеріндегі оқушылар оқиды, сөйтіп, олар бұрмаланған тарихтан жалған білім алады. Ендеше, қазіргі ұрпақты толыққанды тарихымызбен тәрбиелеу үшін алдымен оқулықтар жөнге келтірілуі керек.

Аманкелді ШАМҒОНОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің профессоры

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз