Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Рамазан қарсаңында Майкөмген ауылында мешіт ашылды

Аtr.kz/4 мамыр, 2019 жыл. Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Майкөмген ауылында «Майкөмген» мешіті ашылды.

«Құлшылық ордасының ашылу салтанатына Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет, Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев, ауыл имамдары, қажылар, бірқатар зиялы қауым өкілдері және жамағаттар қатысты» деп хабарлайды islam-atyrau.kz

-Майкөмген ауылы іргесінен бой көтерген мешіт өңірдегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың тірегі, имандылықтың алтын ұясы болады деп сенемін. Халықтың мерейін үстем етіп, мешіт салуға қолдау көрсеткен барша азаматттарға алғыс айтамын,-деді Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет.

1814 7

-Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Ендеше, жаңа мешіт имандылықтың темірқазығына айналсын. Құрметті бауырлар, біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық жағдай жасалуда осы күнімізге Аллаға сансыз шүкіршілік айтуымыз керек, — деген
Жылыой ауданының бас имамы Арман Исаев мешіт кітапханасына ең үлкен сыйлық — қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.
Және Қасиетті Құран аятын оқып, дұға жасады.

Құлшылық үйінің үш күмбезі, бір мұнарасы, әйелдер залы, имам бөлмесі және мешіт жанында тахаратхана орналасқан. Мешітке Дидар Сыздықов имам болып тағайындалды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button