Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды

Atr.kz/6 сәуір, 2019 жыл. Соған байланысты «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңға өзгерту енгізілген.

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды. Бұл туралы Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесі хабарлайды.

2001 жылдың 13 желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңының 4-бабына сәйкес үкіметтің қаулысымен жаңа мейрамның күні белгіленген.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізілсін. Мерекелік күндердің тізбесі 42-1-тармақпен толықтырылсын: «42-1. Энергия үнемдеу күні – 11 қараша», — делінген хабарламада.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button