ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам
551 ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Atr.kz/20-ақпан. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдің агроөнеркәсіп кешеніндегі оң динамиканы атап өтті.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылы 5% артып, 67 млрд. тенгеден асты. Соның ішінде, мал шаруашылығы саласында 39,8 млрд. теңге, а егістікте 25,5 млрд тенге өнім өндірілді.
Бүгінгі күні өңірдегі мүйізді ірі қараның саны 168,1 мың басты, түйенің саны 31,9 мың, жылқы саны 79,3 мың, қой мен ешкі саны 559,9 мың басты құрайды, құстың саны 444 мың.
2018 жылы аумағы 2 мың гектар жылыжай іске қосылды. Облыста 8,6 мың гектар жер көкөніс, бақша өнімдерін және жем дақылдары өсіріледі.
2,5 мың гектар егістікте тамшылатып суару әдісі қолданылады.
- Маусымаралық кезеңде облыс халқын көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету үшін аумағы 14 гектар 43 жылыжай жұмыс істейді,- деп атап өтті өңір басшысы.
Жергілікті өнімдерді өткізу үшін 2018 жылы 551 жәрмеңке ұйымдастырылды.