«45 градус ыстық»: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 13-15 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.
Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағы арқылы өтетін батыс циклонына байланысты, 14-15 шілдеде солтүстік-батыста найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 15 шілдеде елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз.
«13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45 градусқа дейін қатты ыстық болады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасының төмендеуі солтүстікте және орталықта 30 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың батысында 25-35 градус жылы», — делінген хабарламада.
Tengrinews.kz.