
Жаңалықтар
42500 теңгені кімдер алды?
Atr.kz/30 шілде, 2020 жыл. Бүгінгі жағдай бойынша 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданды. Төлем 2 млн. адамға тағайындалды.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, ақшалай қаражат 1 млн. 981 мың қазақстандыққа аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем төлеу жүзеге асырылуда. Көмек қажет ететін адамдар үшін smsхабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетіледі.