COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
42 500: Атыраулық жас ана мемлекет қамқорлығына алғыс айтты
Аtr.kz/17 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы жас ана Аtr.kz-ге берген сұхбатында айтты.
Әлемді жайлаған қауіпті індеттің салдарынан еліміздегі көптеген жұмыс орындары қызметтерін тоқтатты.
Айлығы шайлығынан ауыспайтын қарапайым халық қиналыңқырап қалғаны рас.
Осындай сәтте мемлекет уақытша жұмыссыз қалғандарға, басқа да қолдауға мұқтаж жандарға көмек қолын созды.
Менің де бала күтіміне байланысты үйде отырғаныма екі жылдан асты. Қазір декреттік демалыстамын. Бүгінгі таңда ешбір табыссыз қалған маған бұл үлкен қолдау болды. Мемлекеттің қамқорлығын шынайы сезіндім» дейді Атырау қаласының тұрғыны Альфия ХАЙРУЛЛИНА.
Айбөпе САБЫРОВА