Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...ЖаңалықтарҚоғам

42 500: Атырауда 107 340 адамға жәрдемақы төленді

Аtr.kz/21 сәуір, 2020 жыл. Қазіргі таңда 118 996 атыраулықтың жәрдемақы алу үшін жолдаған өтініші мақұлданған.


Бұл туралы бүгін жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла хабарлады.


«Төтенше жағдайға байланысты уақытша жұмыссыз қалған азаматтарды қолдау барысында мемлекет тарапынан тағайындалған 42 500 теңге әлеуметтік төлеміне күні бүгінге дейін Атырау бойынша 141 мың 037 адамнан өтініш келіп түсті.


Оның ішінде 118 996 адамға жәрдемақы тағайындалды. Бүгінгі таңда 107 340 адамға толықтай жәрдемақы төленді.


Egov порталы, Telegram бот арқылы өтінішті әлі күнге дейін жіберіп жатқан азаматтар бар. Қазіргі таңда біз барлық өтініштерді қараудамыз. Мақұлданған өтініштер Атырау облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жолданып отырады.
Аталмыш жәрдемақыға келіп түскен өтініштерді қарау — төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасады» деп атап өтті спикер.


«Жәрдемақыны заңсыз алғандар жауапкершілікке тартыла ма? Әлеуметтік желі арқылы келіп түскен осы сұраққа жауап берген спикер Серік Хамидолла жұмысы бола тұра, жәрдемақы алғандардың қаражатты мемлекетке кері қайтаруы әркімнің өз таңдауы екенін айтты» деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы.


«42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы жұмыс жасап жүріп, ақысыз күнге кеткен азаматтарға арналған. Ал, жұмысы бола тұра, алынған жәрдемақы алғандар қаржыны Каspi. kz қосымшасы арқылы кері қайтара алады.


Қазіргі таңда төлемді кері қайтару мәселесі республика бойынша көтеріліп жатқан жоқ» деп нақтылады Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.


Десе де, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шәтенованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 10 адам төленген жәрдемақыны әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы мемлекет қазынасына кері қайтарған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button