40 АНАҒА – 40 ТОРТ

Ана қай жерде де, қандай жағдайда да - ана. Ал, бауырында балалары бар мүгедек аналардың тағдыры тіптен ерекше. Себебі, олар да дені сау, қызметі бар, қомақты табыс тауып жүрген аналардай балаларын бағып, оқытып, қатарынан кем қылғылары келмейді. Әттең, осының бәріне олардың дәрмені келер ме?..

 

Бір қуанарлығы, мүгедек аналарға демеушілік жасап, қолындағы барымен бөлісетін жаны жомарт азаматтарымыз аз емес.Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Заман Групп» ЖШС басшысы Асқар Ерекешов мүмкіндігі шектеулі 40 нәзікжанға 40  торт сыйлап, оларды үлкен қуанышқа бөледі. 

Біз Асқар Әліпқалиұлына мүгедек аналар қоғамы атынан зор алғыс айтып, еңбегінің жемісін көре берсін дейміз.

Б.ЕСЕНҒАЗИЕВА,
«Ана шуағы» мүгедек аналар қоғамы төрайымы 
міндетін атқарушы, 
Атырау қаласы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз