Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаСаясат

300 медициналық кеңес пен 5 ота: Елордалық дәрігерлер атыраулық балаларға ота жасады

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Атырауда ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының күндері өтті, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Нұр-сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының 12 дәрігері үш күн бойы Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Елордалық делегация құрамына неонатологтар, акушер-гинекологтар, кардиологтар, неврологтар және басқа да мамандар кірді. Дәрігерлер қаланың бес мекемесінде — балалар облыстық ауруханасында, облыстық перинаталдық орталықта, қалалық перзентханада, облыстық ауруханада және облыстық кардиологиялық орталықта балаларға кеңес беріп, ота жасады.

— Елордадағы әріптестеріміздің сапарының мақсаты – өңірлік денсаулық сақтауды дамыту арқылы отандық медицинаның сапасын арттыру. Ұлттық медициналық холдингтің көшпелі бригадасы жергілікті тұрғындарға кеңес беріп, бірқатар оталарды жүзеге асырды. Сонымен қатар, Ұлттық медициналық холдинг мамандары атыраулық әріптестерімен медицинаның түрлі салаларындағы жаңа білімдерімен бөлісті, — деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Сапар аясында елордалық дәрігерлер балалар ауруханаларының кішкентай пациенттеріне 300-ге жуық кеңес пен 5 ота жасады, тағы он бес бала операцияға жолдама алды.

— Мысалы, 3 күн ішінде облыстық балалар ауруханасы базасында 22 кардиологиялық науқас қаралды. Тексеру нәтижелері бойынша 6 пациентті ұлттық ғылыми кардиологиялық орталыққа (ҰҒКО) емдеуге жатқызуға жіберу жоспарлануда: олардың біреуі — операцияға, 5 пациент — кардиологиялық ауруларды жедел емдеуге. Сондай-ақ, үш пациент ҰҒКО-да амбулаториялық тексеруге шақырылды, 1 науқас шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Қалған науқастарға ұсыныстар берілді, — деп қорытындылады Асхан Байдуәлиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button