Жарнама
Жаңалықтар

29 ҚАЗАН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Президент қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі. Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Мемлекет басшысы ертең, яғни 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты. Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында алдын ала болжам бойынша, метан жарылғанын мәлімдеді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Бұған қоса мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «АрселорМитталТеміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Шахтадағы өрт фактісі бойынша Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады. Қадағалаушы орган сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша жүргізілетінін мәлімдеді. «АрселорМиттал» АҚ-тың меншік құқығы Қазақстанға өтеді.

Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізген және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталып қалды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында болған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.   

Сурет: akorda.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button