28 қыркүйек – Атом саласы қызметкерлерінің күні
Бүгін, 28 қыркүйек, Қазақстанда Атом саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл күн 2008 жылы Президенттің жарлығымен ресми түрде бекітілген болатын. Мерекенің дәл осы күнде атап өтілуі кездейсоқ емес: 1942 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Қорғаныс мемлекеттік комитеті «Уран жұмыстары туралы» бұйрық шығарған еді.
Қазір Қазақстан — атом саласында әлемдік көшбасшы елдердің бірі. Негізгі бағыт уран кенін өндіру мен ядролық отын өндірісіне бағытталған. Қазақстан уран өндірісі бойынша әлемде бірінші орында, ал барланған уран қоры бойынша екінші орынды алады.
Сонымен қатар, 2017 жылы Өскемен қаласында МАГАТЭ-нің (Халықаралық атом энергиясы агенттігі) Халықаралық ядролық отын банкі ашылды. Бұл банк ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану үшін маңызды стратегиялық қадам болды.