ЖаңалықтарҚұқық
27 жастағы атыраулық тұрғын 130 келіден астам бекіремен ұсталды
Атырау облысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 130 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді.
Жергілікті полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жайық өзенінің жағасында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 136.7 келі болатын 41 дана бекіре тұқымдас балық тәркіледі.
Ұсталған Исатай ауданының 27 жастағы тұрғынына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.