Жарнама
Жаңалықтар

“25% – тым жоғары мөлшерлеме”: Қазақстанда ипотека шарттары өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ипотекалық несиелердің шарттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір кейбір банк ұсынатын 25% жылдық мөлшерлеме – азаматтар үшін өте ауыр қаржылық жүк.

-25% мөлшерлемемен тіпті 10 жылға алған ипотеканың артық төлемі орасан зор болады. Бұл жағдай тек қарыз алушыларға ғана емес, банктердің қаржылық тұрақтылығына да кері әсер етеді. Ұлттық банк әлі күнге дейін 2010 жылдардағы валюталық ипотеканың салдарын жоюмен айналысып жатыр, — дейді Т.Сүлейменов.

Ұлттық банк ипотеканың ең жоғары жылдық мөлшерлемесін 25%-дан 20%-ға дейін төмендету мәселесін қарастыруда.
Алайда бұл бастама қосымша талаптардың енгізілуімен қатар жүруі мүмкін. Мәселен, бастапқы жарна көлемін арттыру ұсынылуы ықтимал.
Түпкілікті шешім 2025 жылдың қараша айында қабылданады.. Ұлттық банк басшысының азаматтарға мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды пайдалануға (әрине, талаптарға сай келсе) немесе базалық мөлшерлеменің төмендеуін күтуге кеңес береді.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button