fmt 81 24 shutterstock 1005876871

230 мың теңге: Қазақстанда әр балаға 18 жасқа дейін жәрдемақы төлеу ұсынылды

Жаңалықтар
9 / 100

Декретте не жұмыссыз отырған аналарға берілетін жәрдемақының бәрін біріктіріп, айына 230 мың теңге бір жәрдемақы төлеу керек. Мұны Мәжіліс отырысының жалпы отырысында депутат Айжан Ысқақова айтты.

Оның айтуынша, бала күтіміне берілетін жәрдемақы өте аз. Қазір жұмыс істемейтін әйелдердің бала күтімі үшін алып отырған жәрдемақысы 16 мың мен 25 мың теңгенің арасында ғана. Яғни, бірінші балаға 16 802 теңгені, екінші балаға – 19 865 теңгені, үшінші балаға – 22 898 теңгені, төртінші және одан көп балаға – 25 961 теңге.

«Бұл дегеніміз – бір балаға күніне 560 теңгеден 865 теңгеге дейін жұмсалады деген сөз. Ал абақтыда отырған бір адамның күтіміне бюджеттен 1081 теңге жұмсалады», — деп салыстырды депутат.

Оның айтуынша, үкімет бала күтіміне ғана қаржы береді де, жұмыссыз отырған ананың өзіне жәрдемақы бермейді. Егер 2021 жылдың І тоқсанындағы елдегі орташа жалақының мөлшерін есептесек, 230 829 теңге боп шығады.

«Егер ерлі-зайыптылардың біреуі ғана жұмыс істесе және үш баласы болса, онда әрқайсысына 46 мың теңгеден беріледі. Бұл өте аз. Осыншама аз мөлшерде есептелген балаларға арналған жәрдемақы бұл жағдайды реттей алмайды.Азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, ойыншықтар, кітаптар қанша тұратынын бәріміз білеміз. Сонымен қатар әр отбасында коммуналдық пәтер немесе несие төлеу сияқты басқа да көптеген шығындар бар», — деді Айжан Ысқақова.

Ол ана мен балаға берілетін жәрдемақы мен төлемдердің барлығы біріктіріліп, бір жәрдемақы тағайындалуы тиіс. Ал оның сомасы Қазақстан Республикасының туу және азаматтығы құқығы бойынша барлық балаларға 230 мың теңгеден төленуі керек. Мұндай әмбебап жәрдемақы бала 18 жасқа толғанша төленгені жақсы.

«Біздің партия бала күтімімен бірге ананың қажеттіліктері де ескеріліп, тұтыну қоржыны бөлек есептелуі керек деп санайды», — деді Ысқақова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған