Жарнама
ЖаңалықтарСаясатШаһар шырайы

21 жоба жүзеге асты

Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев пен Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы  Нұрлан Нұркенов Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына байланысты жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен танысу мақсатында «Рухани жаңғыру» Атырау өңірлік жобалық кеңсесінде болды.

Кездесу

Кеңсе жетекшісі Әния Ермағамбетова «Рухани жаңғыру» бағдарламасына негізделіп да-йындалған арнайы жобалармен қатар, «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» секілді бағдарламалармен таныс-тырды. Аталған кеңседе 78 жоба дайындалып, оның 21-і жүзеге асырылған. Сонымен қатар,  кеңсеге  бағдарламаның мазмұнына сәйкес жаңа 20 жоба ұсынылып отыр.

Жаңадан іске кіріскен кеңсе жұмысын жоғары дәрежеде ұйымдастыру үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінен арнайы орын бөлініп, соңғы үлгідегі технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Кездесу барысында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұлттық сананың қалыптасуына, тарихи рухты күшейтуге бастау болатын идеялар мен іс-әрекеттерді үйлестіру орталығы  болып отырғаны айтылды.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button