21 мың атыраулық жұмыспен қамтылды

800x600 09888 f0afb7ea b74e 4682 8f67 b554e5d14220 1 Жаңалықтар

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында Атырау облысында 21 461 адам жұмыспен қамтылды.

«Тұрғындарымызды жұмыспен қамту біздің басты мақсатымыз. Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 21 461 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 1 706 адам жұмысшы мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға жіберілді. 342 адам бизнес жобаларын ашуға 1 млрд 858 млн теңге көлемінде несие алды. 664 адамға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілді. Осылайша барлығы 17 476 адам жұмыспен қамтылды. Олардың 10 мыңы – тұрақты жұмыс орны», – деді өңір басшысы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Махамбет Досмұхамбетовтің дерегінше, «Жұмыспен қамту» жол картасының жүзеге асырылуының арқасында облыста 7 168 жұмыс орны ашылды.

«Бағдарлама аясында 64 жобаны жүзеге асыруға 33,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі кезде олардың 12-сі аяқталды», – деді Атырау облысының әкімі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз